Канада құрамасының жаттықтырушысы тыңшылық жасағаны үшін қызметінен шеттетілді

Канада құрамасының жаттықтырушысы тыңшылық жасағаны үшін қызметінен шеттетілді


Канада әйелдер футбол құрамасының бас жаттықтырушысы Бев Пристман қызметінен шеттетілді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты The Guardian-ға сілтеме жасап.

Оның жұмыстан босатылуы Париждегі Олимпиада ойындары кезінде орын алған үлкен жанжалмен байланысты. Жаңа Зеландия ойыншылары Канаданың қарсыластар туралы ақпарат жинау үшін дрондарды қолданғанына шағымданған болатын.

ФИФА осы оқиғаға байланысты үш адамды, атап айтқанда Пристманды, оның көмекшісі Жасмин Мандерді және аналитик Джозеф Ломбардиді, тыңшылық жасады деп айыптады.

Канада футбол федерациясы тергеу толық аяқталғаннан кейін осындай шешім қабылдады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или