Қазақстандық семсерлесушілер әлемнің үздік бес құрамасының қатарына енді
Шпагамен семсерлесуден Қазақстанның ерлер құрамасы әлемдік рейтингте жоғарылады.
Халықаралық турнирлерде сәтті өнер көрсеткен қазақстандық семсерлесушілер әлемдік рейтингте 4-орынға көтерілді. Қазір ел құрамасының қоржынында 266 ұпай бар. Ал бұл тізімде Жапония кұрамасы көш бастап келеді (388 ұпай). Венгрия құрамасы 2-орынға жайғасса (344 ұпай), Франция үздік үштікті (332 ұпай) түйіндеп тұр.
Айта кетейік, шпагамен семсерлесушілер Руслан Құрбанов, Ерлік Сертай, Эльмира Әлімжанов және Вадим Шарлаимов биылғы маусымды сәтті өткізді. Спортшылар Азия чемпионатының финалдық кезеңінде әлем рейтингінің көшбасшысы жапониялықтарды жеңіп, Азия біріншілігінің жеңімпазы атанды.
Дереккөз: kaz.nur.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или