Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы матч алдында командалық жаттығу өткізді
Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының аясында Австрияға қарсы ойынға толық құраммен дайындалуда, деп хабарлайды Prosports.kz.
Командаға соңғы болып Абат Айымбетов («Адана Демирспор»), Бактиер Зайнутдинов («Бешикташ»), Нұралы Әліп («Зенит»), Максим Самородов («Ахмат») және Ғалымжан Кенжебек (Акритас Хлоракас) қосылды.
14 қарашада Станислав Черчесов шәкірттері Австрия құрамасын қабылдайды. Ойын Алматының Орталық стадионында өтеді. Кездесу жергілікті уақыт бойынша 20:00-де басталады.
Үш күннен кейін біздің команда сыртта Норвегия құрамасымен ойнайды. Матч Ослодағы «Уллеволь» стадионында өтеді. Астана уақытымен 22:00-де басталады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или