Франция құрамасының бұрынғы шабуылшысына сот үкім шығарды

Франция құрамасының бұрынғы шабуылшысына сот үкім шығарды

Монако мен Франция құрамасының бұрынғы шабуылшысы Виссам Бен Йеддер мас күйінде сексуалдық зорлық жасады деген айыппен Ниццадағы сотқа келді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Прокурор футболшыны екі жыл алты айға бас бостандығынан айыруды сұрады, бірақ сот Бен-Йеддерді екі жылға шартты түрде бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ француз жәбірленушіге 5 мың еуро көлемінде моральдық шығын өтемақы төлейді. Полицияға бағынбағаны үшін Бен Йеддерге қосымша 5 мың еуро айыппұл салынып, алты айға жүргізуші куәлігінен айырылды.

Желтоқсан айының соңында футболшы бұрынғы әйелін қорқытты және психологиялық зорлық көрсетті деген айыппен сот алдына шығады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или