Шавкат Рахмонов мәлімдеме жасады
Жеңіліп көрмеген қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (18-0) 7 желтоқсанда Лас-Вегаста өтетін UFC 310 турнирінде онымен жекпе-жек өткізгісі келетін кейбір файтерлерге жауап берді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Мен еститінім бос сөз ғана! Нақты ниет, әрекет жоқ. Бұқаралық ақпарат құралдары мен жанкүйерлер үшін жай ғана бос сөз айтылып жүр», - деп жазды Рахмонов X әлеуметтік желісінде нигериялық файтер Камару Усманды (20-4) және американдық Колби Ковингтонды (17-4) белгілеп.
All I hear are empty callouts! No real intention, no action. Just posturing for the media and fans @USMAN84kg @ColbyCovMMA
— Shavkat “Nomad” Rakhmonov (@Rakhmonov1994) November 11, 2024
Еске сала кетейік, алдымен Шавкат Рахмонов UFC чемпионы атағы үшін америкалық Белал Мухаммадпен (24-3) жұдырықтасуы керек еді, бірақ денсаулығына байланысты оның қарсыласы жекпе-жектен бас тартты. Осыған қарамастан, Шавкат турнирге қатысуға шешім қабылдады және кардта қалды - енді ол UFC-ден оған қарсылас бекітуін күтіп отыр.