Қазақстан самбодан өткен Әлем чемпионатында екінші орын алды

Қазақстан самбодан өткен Әлем чемпионатында екінші орын алды

Қазақстан самбодан әлем чемпионатын екінші орынмен аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz 

Астанада өткен әлем чемпионатында отандастарымыз 3 алтын, 5 күміс, 9 қола медаль жеңіп алды. Осылайша жалпыкомандалық есепте 2-орыннан көрінді. 

Бірінші орынды 16 алтын, 5 күміс, 5 қоламен Ресей алды. Ал 3 алтын, 2 күміс, 4 қола медаль алған Беларусь үздік үштікті түйіндеді.

Додаға 80 мемлекеттен 470 спортшы қатысып, 46 елдің спортшысы жүлделі орыннан көрінді.

Алтын жүлдегерлерге 4000 АҚШ доллары, күміске – 3000, ал үшінші орынға 2000 доллар берілді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или