Астанада өткен әлем чемпионатында ресейлік самбошылар жалпы медальдар кестесінде жеңіске жетті

Астанада (Қазақстан) өткен әлем чемпионатында ресейлік самбошылар жалпы медальдар кестесінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты mma.metaratings.ru-ға сілтеме жасап.
Ресей спортшылары 26 медаль жеңіп алды 16 алтын, бес күміс және бес қола.
Классикалық самбодан Антон Коновалов (98 келіге дейін) пен Дарья Речкалова (80 келіге дейін) жарыстың соңғы күнінде алтын жүлдегер атанды. Жауынгерлік самбодан – Михаил Кашурников (98 келіден жоғары) және София Истомина (65 келіге дейін).
Жауынгерлік самбодан Мухтар Гамзаев (58 келіге дейін) Татьяна Шуянова (59 келіге дейін) үшінші болды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или