Рамазан Оразовтың командасы өз алаңында «Раннерсті» жеңді
Футболдан Дания чемпионатының 15-турындағы ойында қазақстандық футболшы Рамазан Оразовтың «Силькеборг» клубы өз алаңында «Раннерсті» қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кездесу 1:0 есебімен аяқталды. 72-минутта ойындағы жалғыз голды Мадс Фрейндлих соқты.
Айта кетейік, қазақстандық Рамазан Оразов 85-минутта алаңға шықты.
15 кездесуден кейін «Силькеборг» 25 ұпай жинап, алтыншы орыннан төртінші орынға көтерілді. 22 ұпайы бар «Раннерс» төртінші орыннан бесінші орынға төмендеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или