Қазақстандық боксшының WBC титулы үшін жекпе-жегі нокаутпен аяқталды
Қазақстандық боксшы Еділ Қожамбердиев (14-2, 14 КО) Алматыда өткен бокс кешінде албаниялық Альби Соррамен (8-0, 1 КО) жұдырықтасты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қожамбердиев пен Сорра бірінші ауыр салмақ дәрежесінде титулдық жекпе-жек өткізді. Бұл жекпе-жек он раундқа жоспарланған болатын, бірақ қазақстандық бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Осылайша, Еділ Қожамбердиев кәсіпқой мансабындағы он бесінші жеңісін тіркеп, екінші дәрежелі WBC белбеуіне қол жеткізсе, Альби Сорра кәсіпқой рингтегі алғашқы жеңілісіне ұшырады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или