Жалғас Жұмағұлов еуропалық промоушендегі алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті

Жалғас Жұмағұлов еуропалық промоушендегі алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті


Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов (16-9) еуропалық OKTAGON промоушенінде алғаш рет өнер көрсетті.

Жұмағұлов Братиславада (Словакия) өткен OKTAGON лигасындағы дебюттік жекпе-жегінде Уэльс спортшысы Аарон Эйбимен (16-9-1) кездесті. Үш раундқа созылған тартысты жекпе-жекте төрешілердің бірыңғай шешімімен Жалғас жеңіске жетті.

Бұл кездесу 36 жастағы Жалғас Жұмағұловтың чех-словакиялық промоушенде өткен алғашқы айқасы болды. Ал Эйби бұған дейін осы ұйымның чемпиондық белбеуі үшін екі рет жекпе-жекке шығып, екеуінде де жеңіліс тапқан.

Жұмағұлов бұған дейін UFC ұйымында бақ сынап, 7 жекпе-жек өткізіп, бір жеңіске қол жеткізген, бірақ 6 кездесуде жеңіліс тапқан еді.

Сондай-ақ, биыл 24 ақпанда Алматыда өткен Naiza FC 57 турнирінде ол америкалық спортшы Кливленд Маклинмен кездесіп, төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңіске жеткен болатын.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или