Америкалық теннисші 20 жасында жылдың қорытынды турнирінің чемпионы атанды
Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) WTA қорытынды турнирінде жекелей сында жеңімпаз анықталды.
Финалда әлемнің 3-ракеткасы, 20 жастағы америкалық Кори Гауфф пен рейтингіде 7-сатыда тұрған қытайлық, Париж Олимпиадасының чемпионы Чжэн Циньвэнь бас жүлдені сарапқа салды.
Матчты қытайлық теннисші жақсы бастады – 6:3. Екінші партияда Гауфф сәтті ойнай білді – 6:4.
Үшінші, шешуші сетте есеп 5:4 болғанда, матчқа доп берген Циньвэнь мүлт кетті. Тай-брейкте америкалық спортшы есесін жіберген жоқ – 7:6 (7:2).
Дереккөз: inform.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или