Қазақстандық самбошы ел қоржынына әлем чемпионатының екінші алтынын салды
Қазақстандық спортшы Есентай Иманханов ел қоржынына самбодан әлем чемпионатының екінші алтынын салды.
Спортты дамыту дирекциясының Instagram-дағы парақшасында сүйенсек, Есентай Өзбекстан спортшысын соңғы секундтарда жеңіп, әлем чемпионы атанды.
-Спорттық және жауынгерлік самбодан Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт сарайында өтіп жатқан ересектер арасындағы әлем чемпионатының екінші күнінде Есентай Иманханов (спорттық самбо) үздік шықты.
64 келіде өнер көрсеткен шешуші сында Өзбекстан спортшысы Сардор Олимжоновтан соңғы секундтарда жеңісті жұлып алды, - делінген хабарламада.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или