Жәния Бекмұхамбетов Италиядағы турнирдің қола жүлдегері атанды
Италияның Линьяно қаласында үстел теннисінен WTT Youth Contender Lignano 2024 халықаралық турнирі мәресіне жетті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
13 жасқа дейінгі ойыншылар арасында отандасымыз Жәния Бекмұхамбетова қола жүлдегер атанды.
Жәния жарыс барысында Джулия Фернандес (Испания) 3:0, Каролина Росси (Италия) 3:0, Джулия Троззо (Италия) 3:0, Симона Дурисова (Словакия) 3:0, Надалия Ионаскутты (Румыния) 3:0 есебімен жеңді.
Жартылай финалда Ли Джэн-Юэден (Қытайдың Тайпейі) 0:3 есебімен жеңіліп, 3-орында қалды.
Қазір 11 жастағы қостанайлық спортшыны Юлия Даниярова жаттықтырады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или