Лев Черепанов Азия чемпионатындағы қола жүлде жайлы: Бәрі соңғы 100 метрде шешілді

Лев Черепанов Азия чемпионатындағы қола жүлде жайлы: Бәрі соңғы 100 метрде шешілді

Қазақстандық Лев Черепанов Гонконгтағы ашық суда жүзуден Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды. Olympic.kz сайтына берген сұхбатында спортшы жарыстың өте тартысты өткенін айтты.

“Өз өнерімді сәтті деп бағалаймын. Медалдың аты медаль. Қашықтықты жүзіп өту қиын болды. Жарыс үлкен тартыспен өтті, бәрі соңғы 100 метрде шешілді.

Өкінішке қарай, 5 шақырымдық жарыс ауа-райының қолайсыздығына байланысты болмайтын болды. Ал, біз ашық суда жарысудамыз, сондықтан жарысты тоқтату туралы шешім қабылданды.

Азия чемпионатында бәсекелестік айтарлықтай артқан. Барлық командалар өте жылдам жүзіп, лайықты нәтижелер көрсетуде. Менің мақсатым жай ғана жүлдегерлер қатарына ену болды,” – дейді спортшы.


Айта кетейік, Лев Черепанов 10 шақырым қашықтықта үшінші орынға ие болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или