Леон Эдвардс Шавкат Рахмоновпен шыққысы келмейді
Бұрынғы чемпион Шавкатпен шайқасқысы келмейді, деп хабарлайды Prosports.kz
Жартылай орта салмақта UFC чемпионы болған Леон Эдвардс Шавкат Рахмоновқа қарсылас болғысы келмейді. Ол қазір белінен алған жарақатын емдетіп жатыр екен.
Леон Эдвардс октагонға наурыз немесе сәуір айында оралғысы келеді. 33 жастағы спортшы шілде айында Манчестерде өткен UFC 304 турнирінде Белал Мухаммадқа төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіліп, чемпиондық белдігінен айырылған болатын.
Белал болса инфекциялық дертіне байланысты Шавкатпен кездесуден бас тартты.
Қазіргі уақытта UFC матчмейкерлері Шавкат Рахмонов пен Камару Усман арасындағы жекпе-жекті ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуде. Олар келесі айда уақытша чемпиондық белбеуді сарапқа салуы мүмкін.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или