Артем Саркисян семсерлесуден Әлем кубогының 1/16 финалына шығу үшін бақ сынайды

Артем Саркисян семсерлесуден Әлем кубогының 1/16 финалына шығу үшін бақ сынайды

Оран қаласында (Алжир) семсерлесуден әлем кубогының кезеңі басталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Сайыстың бірінші күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасынан тек бір спортшы 1/32 финалға жолдама алды. Бұл кезеңде ел намысын Артем Саркисян қорғайды. 1/16 финалға шығу үшін ол Италиядан барған Эдоардо Кантинимен кездесу өткізеді. Ерлер арасындағы турнир 9 қараша күні жалғасады.

Айта кетейік, 8 қарашада әйелдер арасында медалдар үшін күрес басталады. Қазақстан атынан Карина Доспай, Әйгерім Сарыбай, Анастасия Гулик және Жасмин Капыджы қатысады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или