Ресейлік боксшы жаттығу кезінде қайтыс болды

Ресейлік боксшы жаттығу кезінде қайтыс болды

6 қарашада «Динамо» спорт мектебінің боксшысы Георгий Оголихин Челябідегі жаттығу кезінде есінен танып, қайтыс болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы Челябі облысының бокс федерациясы хабарлайды.

Оголихиннің жаттығуды Ресей Федерациясының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Владимир Рощенконың жетекшілігімен жүргізгені хабарланды. Сондай-ақ, Георгийдің медициналық рұқсаты мен боксқа сертификаты болғаны, денсаулығына қатысты шағымдар болмағаны да нақтыланды. 

Қазіргі уақытта қызметтік тергеу жүріп жатыр. Оның қорытындысы шыққанша боксшының бапкері жұмыстан шеттетіледі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или