Әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері жаңа атаққа ие болды

Әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері жаңа атаққа ие болды


Тиранада 23 жасқа дейінгі жастар және ересектер арасындағы олимпиадалық емес салмақ дәрежелері бойынша өткен әлем чемпионатында үздік нәтиже көрсеткен балуандар марапатталды. 

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов сол жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады. Жиынға күрес федерациясының президенті Дәулет Тұрлыханов, еркін күрестен ересектер арасындағы жеңімпаз Нұрқожа Қайпанов (70 кг), еркін күрестен 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан (97 кг), грек-рим күресінен күміс жүлдегер Ержет Жарлықасын (63 кг), әйелдер күресінен күміс медаль иегері Жәмила Бақбергенова (72 кг) және жаттықтырушылар құрамы қатысты.

"Албаниядағы әлем чемпионатында біздің палуандар өздерінің шеберлігін, табандылығынәлемге паш етті. Бұл жеңіс тек сіздерге ғана емес, тұтас елге үлкен шабыт сыйлайды. Сіздердің жеңістеріңіз – жас ұрпаққа үлгі-өнеге, оларға биік мақсаттарға жетуге серпін беретін нағыз патриоттық тәрбиенің үлгісі.

Маңызды жеңістердің бірі ретінде Нұрқожа Қайпановтың алтын медалін ерекше атап өту керек. Сондай-ақ күміс медальға қол жеткізген Ержет Жарлықасын мен Жәмила Бақбергенова да мықты спортшы екенін дәлелдеді. Ризабек Айтмұханды айырықша атап өткім келеді. Ол бір жылда екі жас санатындағы әлем чемпионатында топ жарып, өз салмағында рекорд орнатты. Бұл оның 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиадада сәтті өнер көрсетуіне жол ашады деп сенемін", - деді Ербол Мырзабосынов.

Кездесу соңында министр Ризабек Айтмұхан мен Ержет Жарлықасынға Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері атағын табыстап, спортшылар мен жаттықтырушыларды алғыс хатпен марапаттады.

Дереккөз: Stan.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или