ХОК басы даудан арылмаған алжирлік боксшыға қатысты мәлімдеме жасады

ХОК басы даудан арылмаған алжирлік боксшыға қатысты мәлімдеме жасады

Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) Олимпиада чемпионы атанған алжирлік боксшы Иман Хелифке қатысты мәселеге түсініктеме бермейтінін айтты. Бұл туралы SkySports басылымы Халықаралық Олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бұған дейін франциялық журналист Джаффар Айт Аудиа Париж Олимпиадасының чемпионы Иман Хелифке қатысты даулы ақпаратты БАҚ беттерінде жариялады. Бұл ақпаратта алжирлік боксшының биологиялық ер адам екенін растайтын медициналық құжаттардың деректері тараған.

- Иман Хелиф Париж Олимпиадасы кезінде оның жынысына қатысты күмән келтіріп, қарсы пікір айтқан адамдарға қарсы шағым түсірді және осы мәселеге байланысты сот іс қозғады. Іс қаралып жатқандықтан, ХОК расталмаған ақпаратқа қатысты түсініктеме бермейді, - делінген SkySport басылымының материалында Халықаралық Олимпиада комитетінің мәлімдемесі. 

Дереккөз: kaz.nur.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или