Бибісара Асаубаева Гран-Приде 4-орынға сырғыды
Шымкент қаласында шахматтан әйелдер арасындағы 2024-2025 жылғы Гран-Придің 2-кезеңі өтіп жатыр.
Алтыншы турда Ұлттық құрама көшбасшысы Бибісара Асаубаева Екатерина Лагномен шеберлік байқасып, қарсыласына есе жіберді. Кездесуден кейінгі сұхбатында Бибісара Екатеринаның мүлде басқаша ойнағанын, жоспары басқаша болғанын айтты.
Демалысқа дейін 2-орында келе жатқан отандасымыз осы жеңілістен кейін жалпы есепте 4-сатыға түсіп қалды. Қазір еншісінде 3,5 ұпай бар. Келесі, 7-турда Асаубаеваның қарсыласы Дивья Дешмух (Үндістан) болады. Одан кейін Тан Чжунъи (Қытай) мен Мунгунтуул Батхуяг (Моңғолия) тұр.
Айта кетейік, 7-тур ойындары бүгін сағат 15:00-де басталады.
Мунгунтуул Батхуяг — Александра Горячкина
Нургуль Салимова — Тан Чжунъи
Бибісара Асаубаева — Дивья Дешмух
Ставроула Цолакиду — Екатерина Лагно
Элизабет Пахтц — Хампи Конеру