Шавкат Рахмонов UFC 310 турнирінде жұдырықтасқысы келетінін айтты
Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Шавкат Рахмоновтың (18-0) UFC 310 турнирінде уақытша чемпиондық белбеуді сарапқа салғысы келетінін айтты.
Белал Мухаммадқа қарсы чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек 8 желтоқсан күні Лас-Вегаста жекпе-жекке шығу керек болған отандасымыз сол турнирде өнер көрсету көздеп, уақытша чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасқысы келетінін мәлімдеді.
- Белалдың қашан оралатыны беймәлім. Сондықтан UFC 310 турнирінде кез келген қарсыласпен уақытша чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасуға дайынмын. Кімді берсе де бәрібір, бастысы титулдық жекпе-жек болса болды. Өйткені Белалдың қашан оралатыны белгісіз. Мен дайынмын және титулға лайықпын! - деді Рахмонов.
Айта кетейік, чемпион Белал Мухаммад (24-3-0-1) саусағынан жарақат алуына байланысты UFC 310 турнирінде Шавкат Рахмоновқа қарсы кездесуден бас тартқан еді.