Елена Рыбакина Эр-Риядта өтіп жатқан турнирде қатарынан екі ойында жеңіліп қалды

Елена Рыбакина Эр-Риядта өтіп жатқан турнирде қатарынан екі ойында жеңіліп қалды

WTA-ның қорытынды турнирінде бақ сынап, топтан шыға алмай қалған қазақстандық Елена Рыбакина (#5) соңғы матчтағы жеңілісінің себебін түсіндірді, деп хабарлайды Prosports.kz 

Эр-Риядта өтіп жатқан турнирде отандасымыз қатарынан екі ойында жеңіліп қалды. Алдымен италиялық Ясмин Паолиниден (#4) ұтылса, кеше Қытай қызы Чжэн Циньвэньге (#6) жол берді, есеп – 6:7, 6:3, 1:6.

«Бүгінгі матч өте ұзаққа созылды. Менде бірінші сетте ұтатын мүмкіндік болды, егер тай-брейкте қателеспей өз мүмкіндігімді пайдаланғанда әрі қарай жеңіл болатын еді. Үшінші сетте мүлдем шаршап қалдым, өзімді нашар сезіндім. Бірақ, жалпы алғанда мен үшін жақсы жарыс болды», - деді Рыбакина WTA-ға берген сұхбатында.

Үш матчтың екеуінде жеңіліп қалған қазақстандық теннисші плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігінен айырылды. Оның соңғы ойыны 6 қарашада әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенкоға қарсы өтеді.

Дереккөз: 1bol.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или