Бірінші лига ойындарын тамашалауға – 132 420 жанкүйер жиналған
QFL Бірінші лига ойындарын тамашалауға – 132 420 жанкүйер жиналған, деп хабарлайды Prosports.kz
QFL Бірінші лигасының 4 сәуір мен 25 қазан аралығында өткен маусымы аяқталды. Соңғы турға дейінгі тартыс пен чемпиондыққа талас жанкүйерлердің қызығушылығын арттыра түсті.
Маусым қорытындысы бойынша 132 420 жанкүйер командаларын қолдауға келген екен!
Ең көп жанкүйер жиналған екі ойын: «Тараз» - SD Family (5 200 жанкүйер) және «Оқжетпес» - «Хан-Тәңірі» (4 000 жанкүйер).
Айта кетейік, маусым қорытындысы бойынша QFL Екінші лигасының бірінші және екінші орын иегерлері Ertis пен AKAS командалары Бірінші лигаға жолдама алған болатын. Ал «Арыс» пен «Қыран» Екінші лигаға түсіп қалды.
Дереккөз: QFL.KZ
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или