Шавкат Рахмонов грузиялық жауынгер Илия Топурияға жауап берді
Шавкат Рахмонов грузиялық жауынгер Илия Топурияға жауап берді, деп хабарлайды Prosports.kz
Бұған дейін интернетте UFC чемпионы Илия Топурияның Шавкат Рахмоновқа қарсы төбелесуге дайын екені және қазақ файтерін оңай жеңетіні туралы мәлімдемесі тараған болатын. Шавкат әлеуметтік желіде осы ұсынысқа әзілмен жауап қайтарды және грузин файтерін келеке етті.
«Ержан, тұр. Топурия менімен төбелескісі келетінін естідім. Мен онымен бір қолыммен-ақ төбелесе беремін», - деп жазды Шавкат өзінің Instagram-парақшасында.
Айта кету керек, бұған дейін әлеуметтік желіде тараған Топурияның Шавкатқа қатысты мәлімдемесі жалған болып шықты. Рахмонов Main Card паблигінің әзіл ретінде жариялаған мәліметіне қатысты пікір білдірген тәрізді.
Мұны грузиялық тілші Георгий Кокиашвили де растап отыр.
«Негізі Илия ешқашан Шавкатпен төбелескісі келетіні туралы айтпаған. Ол тек тікелей эфирде Шавкат Белал Мухаммадты ұтатынына сенім білдірді. Шамасы кейбір ресейлік ақымақтар дақпырт әңгімені таратып, жағдайды ушықтырғысы келген тәрізді», - деді ол.
Еске салайық, биыл желтоқсан айында Шавкат Рахмонов UFC чемпионы атағы үшін америкалық Белал Мухаммадпен жекпе-жек өткізуі тиіс болған. Алайда, соңғысы жарақат алып, бұл кездесу кейінге қалдырылды.