Қазақстан әлем чемпионатында көш бастады

Қазақстан әлем чемпионатында көш бастады

Будвада (Черногория) бокстан жастар арасындағы әлем чемпионаты аяқталды. Қазақстан құрамасы алты алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жалпы, боксшыларымыз әлем чемпионатында 17 жүлдеге қол жеткізді.

Бірінші орында Төрехан Сабырхан (67 келі), Санжарәлі Бегалиев (75 келі), Елянұр Тұрғанова (50 келі), Аружан Зейноллаева (81 келі), Бексұлтан Боранбек (51 келі), Өнер Сейілхан (71 келі) алдды.

Ұлдана Таубай (66 келі) күміс жүлдені еншіледі.

Қола жүлдегерлер: Диас Берікбай (48 келі), Жансері Көшербаев (57 келі), Расул Асанханов (92 келі), Аслан Елдібайұлы (92 келі), Әнел Әбдірәсілова (48 келі), Бағжан Отынбай (52 келі), Толғанай Қасымхан. (60 келі), Аружан Жаңабаева (63 келі), Шұғыле Нәлібай (75 келі) және Панар Сейтханқызы (81 келі).

Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы медальдық есепте көш бастады – 6 алтын, 1 күміс және 10 қола. Өзбекстан құрамасы екінші орында – 5 алтын, 5 күміс және 3 қола жүлде. Ресей боксшылары 5 алтын, 2 күміс және 1 қола медальмен үздік үштікті түйіндеп тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или