Төрехан Сабырхан әлем чемпионатының үздік боксшысы атанды
Қазақстандық спортшы Төрехан Сабырхан Будвада (Черногория) өткен бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатының қорытындысы бойынша үздік боксшы деп танылды, деп хабарлайды Prosports.kz.
67 келіге дейінгі салмақта өткен алғашқы жекпе-жекте Черногория лық қарсыласы шаршы алаңға шығудан бас тартқан Төреханға бокстасудың қажеті болмады. 1/8 финал кезеңінде қазақстандық ауғанстандық Хамдам Самирді 5:0 есебімен ұтты.
Ширек финалда Сабырхан өзбек боксшысы Акбар Ахмадовпен қолғап түйістірсе, жартылай финалда қытайлық Хаошэнг Чжанды ұтты.
Төрежан финалда кубалық Дэвис Эспинозаны 4:1 есебімен жеңіп, 67 келі салмақта бокстан жастар арасындағы әлем чемпионы атанды.
«Үздік боксшы» кубогы Төрехан Сабырханға әлем чемпионатының финалдық кездесулері аяқталғаннан кейін ресми рәсімде табыс етілді.