Әлемдік ұйым теннисшілер рейтингін жариялады

Әлемдік ұйым теннисшілер рейтингін жариялады

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жеке және жұптық сайыстардағы спортшы қыздар рейтингінің соңғы нұсқасын жариялады, деп жазады Prosports.kz.

Үздік үштік өзгеріссіз қалды: беларусь Арина Соболенко көш бастап тұр, поляк Ига Швянтек екінші орында, америкалық теннисші Кори Гауфф үшінші орында.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина әзірге бесінші орында. Юлия Путинцева бір позицияға төмендеп, 29-шы болды. Еске салайық, өткен аптаның соңында Рыбакина WTA финалдық турнирінде италиялық әлемнің төртінші ракеткасы Жасмин Паолиниден жеңіліп қалған болатын.

Жұптық сайыста чех спортшысы Катерзина Синьякова бірінші, жаңа зеландиялық Эрин Рутлиф және украиналық Людмила Киченок үшінші орында.

Қазақстанның жұптық сындағы ең мықты өкілі Анна Данилина әзірге 22-орында. Путинцева 111-ші орында қалды. Жібек Құламбаева тоғыз орын төмен сырғыды – қазір ол 150-ші.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или