Царукян мен Махачевтің жекпе-жегі өтетін күні белгілі болды
Жеңіл салмақта UFC чемпионы Ислам Махачев пен Арман Царукян арасындағы жекпе-жек 18 қаңтарға жоспарланған, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Жекпе-жек 18 қаңтарда Лос-Анджелесте өтеді. Қазірдің өзінде дайындықтар жүріп жатыр», - деді Царукянның командасы ТАСС агенттігіне.
UFC 311 18 қаңтарда Лос-Анджелесте өтеді.
Царукян 28 жаста, аралас жекпе-жекте 22 жеңісі, 3 жеңілісі бар. UFC турнирінде спортшы 11 жекпе-жек өткізіп, оның 9-ында жеңіске жеткен. Махачев 33 жаста, ол 26 жеңіске жетіп, 1 жеңілістің дәмін татқан. 2 маусымда Махачев америкалық Дастин Порьені жеңіп, жеңіл салмақта UFC чемпионы атағын қорғады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или