«Ливерпуль» алдағы қыста құрамын күшейтуді жоспарлап отыр.
«Ливерпуль» алдағы қыста чемпиондыққа қол жеткізу мүмкіндігін арттыру үшін құрамын күшейтуді жоспарлап отыр. Осыған байланысты олар мадридтік «Реалдың» орталық жартылай қорғаушысы Орельен Тчуамениге қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы TEAMtalk мәлімдеді.
Дереккөздің ақпараты бойынша, «Корольдік клуб» француз футболшысын £ 100 млнға (€ 119 млн) деп бағалауда. Дегенмен, мерсисайдтықтар құрамды нақты күшейту үшін қомақты ақша төлеуге дайын.
Осы маусымда Тчуамени барлық турнирлерде 14 матчқа қатысып, нәтижелі әрекеттермен көзге түскен жоқ. Ойыншының клубпен еңбек шарты 2028 жылдың жазына дейін жарамды. Transfermarkt порталында ұсынылған мәліметтерге сәйкес, футболшының нарықтық бағасы € 100 млн.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или