Белал Мухаммад Шавкат Рахмоновтың уақытша титул үшін кездесу өткізуге қарсы екенін айтты

Белал Мухаммад Шавкат Рахмоновтың уақытша титул үшін кездесу өткізуге қарсы екенін айтты

Белал Мухаммад қазақстандық жауынгер Шавкат Рахмоновтың UFC-дің жартылай орта салмақтағы уақытша титулы үшін жекпе-жек өткізуге қарсы екенін мәлімдеді. 

Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы Белал Мухаммадпен жекпе-жегі өтпейтініне қатысты пікір білдірген болатын. Қазақстандық жауынгердің айтуынша, ол уақытша титул үшін кез келгенімен жекпе-жекке шығуға дайын.

- Уақытша титул дейсің бе, бауырым? Мен 6 айға емес, бар болғаны 6 апта жарыстан шет қалдым. Шавкат пен оның командасы басты жекпе-жекте уақытша титул үшін айқасқысы келеді. Оларға мұндай мүмкіндік берілмейтін шығар деп ойлаймын. Иэн Гэрридің қарсыласы бар, ал уақытша титул үшін жекпе-жекте ол тек Камару Усманмен кездесуі мүмкін, - деді Белал Мухаммад YouTube желісіндегі Anik & Florian Podcast арнасына берген сұқбатында.

Дереккөз: kaz.nur.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или