«Ливерпуль» Салахтың орнына АПЛ-дің екі ойыншысын қарастырып жатыр

«Ливерпуль» Салахтың орнына АПЛ-дің екі ойыншысын қарастырып жатыр

«Ливерпуль» 32 жастағы Мохамед Салахтың орнын басатын футболшы ретінде «Борнмуттың» 24 жастағы вингері Антуан Семеньо мен 25 жастағы «Брентфорд» вингері Брайан Мбемоның кандидатураларын зерттеп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Sky Sports мәліметінше, осы маусымда Семеньо барлық турнирде 10 матчқа қатысып, үш гол соғып, бір нәтижелі пас берген. Ойыншының клубпен қазіргі келісімшарты 2029 жылдың жазына дейін жасалған. Transfermarkt ойыншыны 20 миллион еуроға бағалап отыр.

Мбемо барлық турнирде 11 кездесу өткізіп, сегіз гол соқты. Ойыншының клубпен қазіргі келісімшарты 2026 жылдың жазына дейін есептелген. Тransfermarkt ойыншыны 40 миллион еуроға бағалап отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или