WTA Finals жүлде қоры: Елена Рыбакина WTA қорытынды чемпионатында қанша табыс табады?
2-9 қараша аралығында Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтетін WTA қорытынды турнирінің жүлде қоры белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Жарысқа қазақстандық теннисші Елена Рыбакина қатысады.
WTA қорытынды турнирінің жүлде қорының бөлінуі:
Жекелей сын:
қатысуы үшін — $335 000
жартылай финал — $350 000
финал — $1 270 000
титул — $2 500 000
жеңілмеген чемпион $5 155 000 алады
қосалқы ойыншы — $140 000 (матчтарсыз).
Жұптық сын:
қатысуы үшін — $140 000
жартылай финал — $70 000
финал — $255 000
титул — $520 000
жеңілмеген жұп $1 125 000
қосалқы ойыншылар— $60 000 (матчтарсыз).
Жеребе нәтижесі бойына «Күлгін топқа» Арина Соболенко (Беларусь), Жасмин Паолини (Италия), Елена Рыбакина (Қазақстан) және қытайлық Чжэн Циньвэнь енді.
«Қызғылт сары топта» Коко Гауфф (АҚШ), Ига Швёнтек (Польша), Джессика Пегула (АҚШ) және Барбора Крейчикова (Чехия) ойнайды.