Горан Иванишевич Елена Рыбакинаның бапкері болды

Горан Иванишевич Елена Рыбакинаның бапкері болды

Хорватиялық маман Горан Иванишевич Қазақстанның бірінші, әлемнің бесінші ракеткасы Елена Рыбакинаның бапкері болды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл туралы Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) WTA қорытынды турниріне орай өткен баспасөз мәслихатында теннисшінің өзі мәлімдеді.

Биыл Горан Иванишевич сербиялық, «Үлкен дулыға» жарысының 24 дүркін чемпионы Новак Джоковичпен бес жылдан астам уақытқа созылған бапкерлік байланысты аяқтады.

Елена Рыбакинаның жаттықтырушысы болғанын Иванишевичтің өзі әлеуметтік желіде растады.

Бүгін Елена Рыбакина WTA қорытынды турнирінде бастапқы кездесуін әлемнің төртінші ракеткасы, Италия өкілі Жасмин Паолинимен өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или