Харри Кейн 30 жастан асқан үздік футболшыны атады

Харри Кейн 30 жастан асқан үздік футболшыны атады

Ағылшындық «Баварияның» шабуылшысы Харри Кейн әлеуметтік желідегі Goal парақшасында түрлі санаттағы үздік ойыншыларды атаған видеода блиц-сауалнамаға жауап берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кейн Сауд Арабиясының «Аль-Наср» және Португалия құрамасының капитаны Криштиану Роналдуды «30 жастан асқандар» санатындағы үздік футболшы деп атады. «Манчестер Ситидің» бельгиялық жартылай қорғаушысы Кевин Де Брюйнені үздік пас беруші деп санайды. Ойыншы өзін шабуылдарды үздік аяқтаушы ретінде көрсетті.

Айта кетейік, Харри Кейн «Бавария» сапына 2023 жылдың тамыз айында қосылған болатын. Ойыншының клубпен қазіргі келісімшарт мерзімі 2027 жылдың маусым айының соңына дейін. Осы маусымда шабуылшы 13 матч өткізіп, 15 гол соғып, 7 нәтижелі пас берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или