Эдмонтондағы UFC турниріне қатысатын файтерлер салмақ өлшеді
Эдмонтонда 3 қарашаға қараған түні Rogers Place аренасында өтетін UFC турниріне қатысушы файтерлердің салмақ өлшеу рәсімі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кештің басты кездесуінде ең жеңіл салмақтағы UFC-нің бұрынғы чемпионы Брэндон Морено дивизиондағы үшінші рейтингтегі үздік файтер Амир Альбазимен кездеседі. Файтерлер бірдей салмақты көрсетті – 56,92 келі.
Кештің негізгі кездесуінде Эрин Бланчфилд ең төменгі жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Роуз Намаюнаспен кездеседі. Бланчфилд таразыда 56,92 кг, Намаюнас 56,69 кг көрсетті.
UFC Эдмонтондағы файтерлердің салмақ өлшеу нәтижелері:
Негізгі кард
Кештің басты жекпе-жегі жеңіл салмақта: Брэндон Морено (56,92 кг) және Амир Альбази (56,92 кг)
Әйелдер арасындағы ең жеңіл салмақ: Эрин Бланчфилд (56,92 кг) және Роуз Намаюнас (56,69 кг)
Ауыр салмақ: Деррик Льюис (120,65 кг) және Джоната Диниз (116,57 кг)
Жартылай ауыр салмақ: Кайо Мачадо (92,98 кг) және Брендсон Рибейро (92,98 кг)
Орта салмақ: Марк-Андре Барио (83,91 кг) және Дастин Стольцфус (84,14 кг)
Жартылай ауыр салмақ: Майк Мэлотт (77,33 кг) және Тревин Джайлс (77,11 кг)
Прелим:
Жеңіл салмақ: Айманн Захаби (61,46 кг) және Педро Муньоз (61,23 кг)
Әйелдер арасындағы ең жеңіл салмақ: Ариане да Силва (56,69 кг) және Жасмин Джасдависиус (56,69 кг)
Жеңіл салмақ: Чарльз Жорден (61,23 кг) және Виктор Генри (61,23 кг)
Жартылай жеңіл салмақ: Джек Шор (65,99 кг) және Юссеф Залал (65,77 кг)
Ауыр салмақ: Александр Романов (118,38 кг) және Родриго Насименто (119,74 кг)
Жеңіл салмақ: Серхий Сидей (61,23 кг) және Гарретт Армфилд (61,23 кг)
Жеңіл салмақ: Чэд Энхелигер (61,23 кг) және Коди Гибсон (61,46 кг)
Әйелдер арасындағы жеңіл салмақ:Джейми-Лин Хорт (57,15 кг) және Ивана Петрович (56,69 кг).