Асу Алмабаев келесі қарсыласына үндеу жасады
Қазақстандық UFC файтері Асу Алмабаев (21-2-0) келесі жекпе-жегіне дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Darteam командасының әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап.
Файтер инстаграм парақшасында фото жариялап «Қоңырауды күтіп отырмын» деп жазды.
«Біздің команданың файтері кеше ғана жекпе-жектен оралды және келесі қарсыласының күтіп отыр», - деп жазды Darteam.
Алмабаевтың келесі қарсыласы Кай Кара Фрэнс немесе жапониялық файтер Тацуро Тайра болуы ықтимал.
Естеріңізге сала кетейік, Асу 19 қазанда UFC Fight Night турнирінде бразилиялық Матеус Николауды (19-5-1) жеңгеннен кейін 57 келіге дейінгі UFC-дің жеңіл салмақ дәрежесінде 14-орыннан 7-орынға көтерілді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или