Мария Агапованың бокстағы келесі жекпе-жегі қашан өтетіні жарияланды
Қазақстандық Мария Агапова кәсіпқой бокс ережесі бойынша екінші жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
BoxRec.com сайтының хабарлауынша, Агапованың келесі жекпе-жегі Атлантик-Ситиде (Нью-Джерси, АҚШ) 16 қарашаға жоспарланған. Қарсыласы америкалық Стэсиа Саттлс (1-0, 1 КО) болады. Жартылай орта салмақтағы жекпе-жек әрқайсысы екі минуттан төрт раундқа жоспарланған.
Еске салайық, бұған дейін UFC турнирінде өнер көрсеткен Агапова кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуін 28 қыркүйекте Атлантада өткізіп, неміс Николь Шефермен (3-0-2, 3 КО) тең түскен еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или