«Реал Мадрид» 80 миллион еуро жұмсаған жартылай қорғаушымен қоштасуға дайын

«Реал Мадрид» 80 миллион еуро жұмсаған жартылай қорғаушымен қоштасуға дайын

«Реал Мадрид» франциялық жартылай қорғаушы Орельен Чуаменимен қоштасуға дайын, деп хабарлайды Prosports.kz.

Relevo мәліметінше, клуб басшылығы Ла Лигадағы екі сәтсіз ойыннан кейін ойыншы туралы пікірін өзгертті: «Атлетико Мадридке» (1:1) және «Барселонаға» (0:4) қарсы.

Клуб басшыларының ойынша, 39 жастағы Лука Модрич французға қарағанда сенімдірек ойнап, қорғанысқа көбірек әсер еткен.

Команданың бас бапкері Карло Анчелотти басшылыққа қарағанда французға әлі де сенеді және онымен қоштасқысы келмейді.

Еске салайық, мадридтік команда французды 2022 жылы «Монакодан» 80 миллион еуроға сатып алған. Келісімде 20 миллион еуро көлемінде бонустар қарастырылған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или