UFC: Шавкат Рахмонов пен Белал Мухаммад арасындағы жекпе-жек өтпей қалуы мүмкін

UFC: Шавкат Рахмонов пен Белал Мухаммад арасындағы жекпе-жек өтпей қалуы мүмкін

Қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновпен (18-0) америкалық спортшы Белал Мухаммад (24-3) арасындағы чемпиондық жекпе-жек өтпей қалуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Mmanews.com сайтының хабарлауынша, орта салмақтағы UFC чемпионы Белал Мухаммад 7 желтоқсан күні АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында жоспарланған UFC-310 турниріне қатыса алмайды. 

Италиялық журналист Al Zullino әлеуметтік желіде бірнеше дереккөз Белал Мухаммадтың қазақстандық Шавкат Рахмоновқа қарсы титулдық жекпе-жекке шыға алмайтынын растағанын, сондай-ақ Шавкатқа басқа қарсылас қарастырып жатқанын атап өтті. 

Айта кетейік, бұған дейін жеңілмеген қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов Лас-Вегаста чемпиондық титул үшін жекпе-жек өткізетінін жазған едік.

Естеріңізге салсақ, Рахмонов кейінгі айқасын былтыр желтоқсан айында америкалық Стивен Томпсонмен (17-7-1) өткізіп, қарсыласын екінші раундта қылқындыру әдісімен жеңген еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или