Сабина Алтынбекова шетелдік жаңа командаға ауысады
Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова мансабын Индонезияның «Yogya Falcons» командасында жалғастыратын болды.
Бұл туралы спортшының өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
"Құрметті менің оқырмандарым, мен Пролига 2025-те ойнау үшін Yogya Falcons волейбол клубымен келісімшартқа отырғанымды хабарлап, қуанышты жаңалығыммен бөліскім келіп отыр. Командаластарыммен және барлық индонезиялық волейбол жанкүйерлерімен кездесуді асыға күтудемін. Жақын арада көріскенше, - деп жазды спортшы инстаграмына.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или