16 жастағы футболшы әлемдік рекорд орнатты

16 жастағы футболшы әлемдік рекорд орнатты

16 жастағы тәжікстандық футболшы Мухаммад Назриев ұлттық құрама матчындағы гол саны бойынша әлемдік рекорд орнатты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол 17 жасқа дейінгі Азия кубогының іріктеу кезеңінде Гуамға қарсы ойында 14 гол соқты. Бұл кездесуде 33:0 есебімен Тәжікстан жастар құрамасы жеңіске жетті.

Тарихта бірде-бір футболшы Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) туы астындағы ұлттық құраманың ресми матчында мұнша көп гол соққан емес. Осы кездесудің есебі де рекорд жаңартты.

Бұған дейінгі рекорд Аустралия құрамасына тиесілі болатын. Олар 2002 жылғы әлем чемпионатының іріктеу ойынында америкалық Самоа құрамасын 31:0 есебімен жеңген, шабуылшы Арчибальд Томпсон ойында 13 гол соқты.

Назриев душанбелік «Истиклол» клубының екінші командасында өнер көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или