Жәмила Бақбергенова Әлем чемпионатының үш дүркін күміс жүлдегері атанды
Жәмила Бақбергенова қазақ қыздары арасынан 4 мәрте жүлде алған алғашқы балуан, деп хабарлайды Prosports.kz
Күрес түрлерінен Тиранада (Албания) өтіп жатқан Олимпиада бағдарламасына кірмейтін Әлем чемпионатында Жәмила Бақбергенова күміс жүлде иеленді.
72 келіде сынға түскен жерлесіміз финалдық белдесуде бірнеше күн бұрын ғана 23 жасқа дейінгі әлем чемпионатында 68 келіде ең үздік атанған Ами Ишиден (Жапония) есе жіберді.
Айта кетейік, 28 жастағы жерлесіміз 2021 жылдан бері әлем чемпионатынан құр қол қайтпаған. Бұған дейін екі күміс, бір қола медаль алған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или