Қазақстан футболының аңызы ҚПЛ-дағы жаңа ережені сынады
Қазақстан чемпионаты тарихындағы үздік сұрмергендердің бірі және «Қайрат» тарихындағы үздік қазақстандық шабуылшы Әлібек Бөлешев Meta-ratings.kz порталына берген сұхбатында Қазақстан Премьер-Лигасындағы легионерлерге қатысты жаңа заң туралы ойын бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Өз мансабында Бөлешев «Қайраттан» бөлек «Жетісу», «Ертіс», «Ақтөбе», «Ордабасы», «Оқжетпес», «Атырау», «Тараз» және «Сұңқар Қаскелең» командаларының намысын қорғады.
– Әлібек Бахтиярұлы, келесі жылдан бастап легионерлерді мемлекеттік бюджеттен қаржыландыруға тыйым салатын заң күшіне енуі мүмкін. Сіз қалай ойлайсыз, бұл қазақстандық футболға қалай әсер етеді?
– Менің ойымша, легионерлер біздің чемпионатқа ерекше серпін береді. Олар жоғары деңгейдің не екенін білетін, қиын жағдайларда нәтижеге жұмыс істей алатын ойыншылар. Олардың алаңға шығуы ойынның жылдамдығын, күшін арттырады. Легионерлер ойынға қызығушылық тартып, оның сапасын көтереді. Оларсыз чемпионат тартымдылығы мен интригасын жоғалуы мүмкін, ал жанкүйерлерді баурайтын ойын керек қой. Мен әрдайым өз жігіттеріміздің дамуын қолдаймын, бірақ бұл дамуды жеделдету керек, ал легионерлер сол жылдамдықты беретін ең жақсы жол.
– Яғни, сіздің ойыңызша, легионерлер қазақстандық ойыншылардың жақсырақ болуына көмектеседі ме?
– Әрине. Жастар ойнай алатын, жеңе алатын адамдарды көруі керек. Сенің жаныңда ірі турнирлерде тәжірибесі бар кәсіпқой ойыншы жүргенде, сен тезірек үйренесің, үлгі аласың, өсесің. Біз легионерлерді жай шақырмаймыз, олар командаға пайда әкеліп, біздің жігіттерімізге шабыт берсін деп шақырамыз. Қазақстандық ойыншылардың қандай мақсатқа ұмтылу керегін көргені маңызды, ал легионерлер — тірі мысал. Иә, біздің жігіттер мықты, талантты, бірақ әлеуетті ашу үшін ең мықтылармен бәсекелестік керек.