Қазақстан құрамасы Канадада өтіп жатқан чемпионатта жеңіске жетті

Қазақстан құрамасы Канадада өтіп жатқан чемпионатта жеңіске жетті

Керлингтен Қазақстан құрамасы Лакомбеде (Канада) өтіп жатқан панқұрлықтық чемпионаттағы өнерін жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

28 қазанда В дивизионындағы ерлер құрамасы Пуэрто-Рико командасын 11:3 есебімен жеңді. Ал Қазақстан әйелдер құрамасы Гонконг спортшыларын 11:6 есебімен ұтты.

Қазақстан құрамасы турнирдің жартылай финалына дейін тағы бес кездесу өткізеді. Чемпионат 2 қарашаға дейін жалғасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или