Карло Анчелотти әлемнің ең үздік бапкері атанды

Карло Анчелотти әлемнің ең үздік бапкері атанды

Мадридтік «Реалдың» бас бапкері Карло Анчелотти 2023/2024 жылғы маусымының соңында Йохан Кройфф кубогын жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жүлде жыл соңында үздік жаттықтырушыға беріледі. Анчелотти Париждегі «Шатле» театрында өткен «Алтын допты» табыстау рәсімінде жеңімпаз деп танылды. Марапаттау рәсіміне Карло Анчелотти келмеді.

Өткен маусымда Карло Анчелотти «Реал Мадрид» сапында Ла Лига мен Чемпиондар лигасын жеңіп алды. Анчелоттиден басқа жүлдеге үміткерлер: Хаби Алонсо (Неміс «Байер»), Луис де ла Фуэнте (Испании құрамасы), Лионель Скалони (Аргентина құрамасы), Джан Пьеро Гасперини (италиялық «Аталанта») және Хосеп Гвардиола (англиялық «Манчестер Сити»).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или