Қазақстан кёрлингтен панконтиненталды чемпионатқа қатысуда

Қазақстан кёрлингтен панконтиненталды чемпионатқа қатысуда

Қазақстан құрамасы кёрлингтен панконтиненталды чемпионатқа қатысуда, деп хабарлайды Prosports.kz 

Чемпионат Канаданың Альберта штатындағы Лакомб қаласында 24 қазан мен 2 қараша аралығында өтуде.

Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамасы В дивизионында бақ сынауда. Қазіргі уақытта ерлер құрамасының қоржынында 2 жеңіс және 1 жеңіліс бар. Әйелдер құрамасы бір жеңіске жетіп, бір жеңілістің ащы дәмін де татты.

Ерлер Нигерия (12:3) және Бразилия (7:2) құрамаларын ұтып, Ямайкадан 8:9 есебімен ұтылды. Бүгін, 28 қазанда қазақстандықтар Пуэрто-Рико өкілдерімен ойнайды.

Әйелдер Нигерия құрамасын ұтып, Аустралияға есе жіберді (7:8). Біздің команданың келесі қарсыласы Гонконг құрамасы болмақ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или