Шорт-тректен әлем чемпионатының алғашқы кезеңі аяқталды
Монреальда (Канада) шорт-тректен Әлемдік тур сериясының алғашқы кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz
Olympic.kz хабарлауынша алғашқы кезеңде Қазақстандық спортшылар жақсы нәтижемен көзге түсе алмады.
Осы маусымда Әлем кубогінің атауы өзгеше – Әлемдік тур (World Tour). Бірінші кезеңді Канаданың Монреаль қаласы қабылдады. Айта кету керек, Канададан кейін құрама командалар Солт-Лейк-Ситиге (АҚШ) аттанады деп жоспарланғанмен, турнирдің екінші кезеңі де Монреальда өтетін болды.
Әлемдік жарыстың алғашқы сайысында Қазақстан командасы жүлдегерлер қатарынан көріне алмады. Финалдық раундқа Денис Никиша жетті. Ол B финалында 500 метр қашықтыққа өнер көрсетті, алайда пенальти алып қалды.
Финалға ерлер арасындағы эстафеталық команда қатысты. Спортшылар онда екінші орын алып, қорытынды есепте алтыншы орынға тұрақтады.
1500 метр қашықтықта Әділ Ғалиахметов жартылай финалға шықты. Алайда бұл спортшы да жетінші болып келіп, финалға шыға алмады.
Сондай-ақ жартылай финалға Алина Әжіғалиева жеткен (1500 метр), бірақ ол да Ғалиахметов секілді мәре сызығына соңғы болып жетіп, жарысты аяқтады.
Өзге пәндер бойынша жоғары көрсеткішке отандық спортшылар қол жеткізе алмады.