Мәди Такиев Қазақстан волейбол федерациясына басшы болып тағайындалды

Мәди Такиев Қазақстан волейбол федерациясына басшы болып тағайындалды

Алматыда өткен Қазақстан волейбол федерациясының (ҚВФ) есеп беру-сайлау конференциясында Мәди Тәкиев ұйымның 2024-2028 жылдар аралығында жаңа президенті болып сайланды, деп хабарлайды Prosports.kz 

Ол бұл қызметте Нұртай Әбіқаевты алмастырды. 

ҚВФ-ның жаңа басшысы өз сөзінде делегаттарға сенімдері үшін шын жүректен алғыс айтып, Нұртай Әбіқаевқа федерацияның құрметті президенті ретінде ҚВФ Қамқоршылық кеңесін басқаруға шақырды.

Мәди Такиев 1978 жылы 1 сәуірде Алматы облысында дүниеге келген.

Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша, Д.Қонаев атындағы гуманитарлық университетін «құқықтану» мамандығы бойынша, сондай-ақ Халықаралық бизнес университетін «іскерлік әкімшілдендіру магистрі» мамандығы бойынша тәмамдаған.


Еңбек жолы:

1998-2012 жж. – Алматы қаласы бойынша салық департаментінде жұмыс істеген.

2012-2013 жж. – Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің салық комитеті басқармасының бастығы.

2013-2014 ж. – Ұлттық экономика министрлігінің салық және кеден саясаты департаментінің директоры.

2014 ж. – Қазақстан Премьер-министрі кеңсесінің әлеуметтік-экономикалық бөлімінің бас кеңесшісі.

2014-2017 жж. – Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы.

2017-2019 жж. – Қазақстан Республикасы қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің салықтық бақылау департаментінің директоры.

2019 жылдың 12 наурызынан – Қазақстан Республикасы ұлттық экономика вице-министрі қызметінде болды.

2020 жылы қыркүйекте Президент Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

Мемлекеттік наградалары: «Ерен еңбегі үшін», «Тәуелсіздікке 20 жыл» медальдары және «Салық қызметінің үздігі».

Дереккөз: Kaz.inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или