Зарина Дияс Қытайдағы турнирге арнайы шақырту алды

Зарина Дияс Қытайдағы турнирге арнайы шақырту алды

Әйелдер арасында 28 қазан – 3 қараша аралығында өтетін Цзюцзян WTA 250 турнирінің жеребесі тартылды.

Аталмыш жарысқа дүниежүзілік рейтингіде 379-орында тұрған қазақстандық Зарина Дияс арнайы шақырту алды.

Зарина алғашқы айналымда әлемнің 60-ракеткасы, испаниялық Джессика Бузас Манейромен ойнайды. 

Жарақатына байланысты екі жылдық үзілістен кейін кортқа қайта оралған З.Дияс жуырда Түркиядағы ITF турнирінің чемпионы атанған еді.

Тағы бір қазақстандық, рейтингіде 311-сатыдағы Жібек Құламбаева Цзюцзян додасының іріктеу сайыстарынан өте алмады. Ол іріктеу сынының жартылай финалында екі сағатқа жуық уақытқа созылған тартысты матчта индонезиялық Приска Маделин Нугрохоға жол берді – 2:6, 6:7 (7:9).

Цзюцзянда өткен жылы чехиялық Катержина Синякова үздік шыққан болатын. Ол финалда өзінің о

Дереккөз: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или