Қазақстандық теннисшілер әлемдік рейтингте төмендеді

Қазақстандық теннисшілер әлемдік рейтингте төмендеді

Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) рейтингінің жаңартылған нұсқасы ұсынылды, деп жазады Prosports.kz.

Әлемнің бірінші ракеткасы италиялық Янник Синнер, екінші орында испаниялық Карлос Алькарас, үшінші орында неміс Александр Зверев.

Қазақстандық теннисшілердің ең мықтысы Александр Бублик бір орынға төмендеп, 33-орынға тұрақтады. Александр Шевченко төрт позицияға төмендеп, 63-орынға түсті.

Үздік жүздікке ең жақын Қазақстанның өкілі Михаил Кукушкин 110-орынға жайғасты. Дмитрий Попко 175-ші болып қалды. Бейбіт Жұқаев – 185-ші (-1). Тимофей Скатов бір сатыға көтерілді – 193-ші. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или